Қарашаның біріне дейін Алматы облысына 180 жедел жәрдем көлігі жеткізіледі. Науқастар үшін модульді инфекциялық аурухана салынып, 5 мыңнан астам орын дайындалған. Сонымен қатар балаларға арналған екі COVID орталық құрылып отыр. Онда 400 жеткіншек емделе алады. Covid-19-дың екінші толқынына дайын болу мақсатында 3 компьютерлік томография, 150 өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараты, республикадан 120 ӨЖЖ аппараты берілді. Облыста 333 ӨЖЖ аппараты, 1090 оттегі концентраты бар.
Hide player controls
Hide resume playing