Қазақ футболының айы оңынан туып, жұлдызы жарқырайтын күн алда Ағайын. Мен оған кəміл сенемін. Адам баласы əр бір іске шынайы ниетпен ат салысса, оның нəтижесі берекелі болмақ. Үлкен істің тізгінін қолға алған Бақтыбек бауырымыз май шəйнап отырған жылы креслосын тастап, Қазақ футболын көтеру үшін тəуекелге бел буды. Республиканы аралап жер-жерден, ауыл-аймақтардан дарынды балаларды жинады. Спорт комитетінен рұқсат алып, Алматы қаласындағы Амалбек Тшанов ағамыз басқарып отырған Республикалық Спорт Колледжінен арнайы группа ашты. Мұның барлығы айтуға оңай, ал іске келгенде бас қатыратын шаруа. Бəкеңді бұрыннан білем, көзінен Қазақ футболына деген жанашырлықты көрдім. Өз қаржысын салып “Қайтсемде осы істің нəтижесін шығарам“-деп бел буып отыр. Бəкеңді осы іске “Намыс“ деген Қазақ баласының бойына біткен Ұлы күш алып келді. Басқа клубтардай миллиондаған қаржы бөлінбесе де, шынайы жүректен көңіл бөлініп, алдарына үлкен мақсат қойған “АЛАШ“ футбол клубына өз тарапымнан сəттілік тілеймін. Бəке бізде осылай бастаған
Hide player controls
Hide resume playing