Қызылорда облысының Арал ауданы Сорбеткей елді мекеніндегі мектептен өрт шықты. Абырой болғанда, ол сәтте ғимарат ішінде адам болмаған. Мектеп пешпен жылытылады. Күндізгі сағат 10:30-да пеш мұржасының айналасы түтіндеген, бірақ жалын өршімеген. Тұрғындар тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтады. Нысан 2006 жылы жас мамандарға арнап салынған, 2010 жылы бастауыш мектеп ретінде ыңғайластырылған.
Hide player controls
Hide resume playing