Myvideo

Guest

Login

Сені жолынды ашатын нрсе

Uploaded By: Myvideo
8 views
0
0 votes
0

Ата-ананы құрметтеу – әрбір мұсылманның парызы. Аллаға деген құлшылықтан кейін, ата-анаға құрмет келеді. Бұл жайында «Исра» сүресінің 23-аятында: «Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті…» деп барша мұсылманға бұйырды. Ата-ананы ренжітпеу. Ата-ананың көңіліне қаяу салатын сөздер мен әрекеттерден аулақ болу – барлық пенденің міндеті. Бұл жайында жоғарыдағы аяттың жалғасында: «Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: «Түһ» деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ, ол екеуіне зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле» деп бұйырған. Ата-анаға дұға-тілек тілеу. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, біздің еркін өсуімізге себепкер болған ата-анамыздың ақыреттік емтиханы үшін Аллаға дұға- тілекте болып, олардың жәннаттық пенделерден болуын сұрау өте маңызды. Ата-анаға қалай дұға-тілекті жасау керектігі жайлы «Ниса» сүресінің 24-аятында: «Екеуіне кеңпейілділік пен мейірім құшағыңды жай да: “О, Раббым! Бұл екеуінің мені кішкентайымнан мәпелегеніндей, сен де оларды рахымыңа бөлей гөр”, – деп айт», – деп бұйырады.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later