Коронавирус жұқтырып, қайтыс болған дәрігерлерге заң бойынша белгіленген өтемақылары төлене бастады. Мәселен, індеттің құрбаны болған 182 маманның отбасына 10 млн теңгеден үлестірілді. Ал, вирустық пневмониямен ауырған медицина қызметкерлеріне денсаулығын түзеу үшін 2 млн теңгеден берілді. Бұл жөнінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Бірақ, карантин талаптары сақталса да, індет жұқтырғандар саны азаймай тұр. Себебі, санитарлық ережелерді елеп жатқан ешкім жоқ. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Hide player controls
Hide resume playing