ХХ ғасырда бірнеше ашаршылықты өткерген қазақ халқының сол кездегі қасіретін көрсететін “Ұлы дала зары“ көркем фильмі жарыққа шықты. Режиссер Марина Құнарова түсірген фильм “Алтын глобус“ премиясында “Шет тіліндегі үздік фильм“ категориясының лонг-лисіне енген. Қазір фильм көрермендерге онлайн көрсетіліп жатыр. Көркем фильм режиссері әрі сценарисі Марина Құнарова тарихи деректер негізінде 30-шы жылдардағы ашаршылықты көрсеткен. Кинотуынды 21 жастан асқандарға ғана ұсынылады, себебі фильмде ауыр эпизодтар бар. Басты рөлдерді Саяжан Құлымбетова, Дулыға Ақмолда, Ақылхан Алмасов, Сафуан Шаймерденов сомадаған. Продюсері – Ернар Мәліков, операторы – Александр Рубанов. “Өткен ғасырдың 20-30 жылдары қазақ даласында большевиктер қасақана ұйымдастырған алапат зұлымдықтың салдарынан халқымыздың 70 пайызы аштан қырылып қалды. Сайын даланы жалмауыздай жалмаған ашаршылық қасіретінің шындығы ашылмай әлі күнге дейін ақиқаттың айбарынан жел есе қойған жоқ“, - делінген фильм сипаттамасында. Фильм премьерасы қараша басында А
Hide player controls
Hide resume playing