Күміс, алтын, гауһар той. Отбасылық өмірдің елуінші жылына дейін тойланатын мерекелік даталарды жиі естиміз. Ал, орысша айтқанда “коронная свадьба“, яғни “тәж тойын“ жасағандарды күнде көре бермесіміз анық. Көрмек тұрмақ, оның шаңырақ көтергеннен кейін неше жылдан соң тойланатынын да көбіміз біле бермейміз. Түркістан облысының Жетісай ауданында тұратын ерлі-зайыптылар жуырда отау тіккеніне 78 болған мерейтойын атап өтіпті! 200 ұрпағы бар қария мен әжейдің әдемі әңгімесін өңірдегі тілшіміз Қасым Хабибуллаұлы айтып берсін. #1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing