Қазақстан олимпиадалық құрамасы жаңаша дизайында тігілген отандық киіммен Риоға аттанды. Ақ пен көкті араластырған сән мамандары елімізге тиесілі дәстүрлі түсті таңдапты. Үш түрлі спорттық киімнен қазақтың ою-өрнегі де әдемі орын тауып, үйлесіп тұр. Жаңа формаға спортшылар да, жаттықтырушылар да дән риза. «Ең бастысы бізге артылған сенімді ақтап, елге абыроймен оралу», – дейді былғары қолғап шеберлері.
Hide player controls
Hide resume playing