Белсенді Байболат Күнболатұлын қолдаушы топ 25 маусымға қараған түні Алматының Медеу аудандық полиция басқармасының алдында түнеп шықты. Олар “Алматыдағы Қытай консулдығы алдында заңсыз пикет ұйымдастырды“ деп 15 күнге қамалған Байболат Күнболатұлын босатуды талап етті. 25 маусымда апелляциялық сот белсенді Күнболатұлының қамау мерзімін жеті күнге қысқартты.
Hide player controls
Hide resume playing