Əкешім Қайда жүрсем кетпейтұғын санадан, Мені тастап қайда кеттің əкежан?! Ең ардақты жан едің ғой мен үшін, Өсиетінді аямаған баладан. Балалық шақ өтіпті балдай тəтті Жоқтығын бұл өмірде жанға батты. Əкесі барларға мен қызығамын Қасында əкен болған қандай жақсы. Еске алсам қазір сені жабығамын Алланың жазуына бағынамын. Суреттегі бейнене қараймында Жан əке бір өзіңді сағынамын. Жоғалту қиың екен əке өзіңді Естуге зар болдым-ау бір сөзіңді. Аңсаймын, армандаймын кейде отырып, Тірінде жадыраған кездерінді. Көзің жоқ жақсылықтан қалыс қалған Болдын-ау қазір маған алыс арман Бұл күнде қандай амал қалды əкешім Өзіңе арнап құран бағыштаудан. Сен жүргенің əкешім бақыт екен Зымырауды-ау тоқтамай уақыт неткен Қарлығаштай баласына жем тасыған Бұл жалғанда əкешімнің уақыты біткен
Hide player controls
Hide resume playing