Ақ дидарың-ай сенің ақ дидарың, Өзге жанға өзіңді мен қимадым, Саған арнап талай-талай жыр жинадым, Сені аңсап мен ғашық көп қиналдым, Ғашық жанды, неліктен, сен қинадың??? Жас жанарың-ай сенің жас жанарың, Бір өзің ғой менің де аңсағаным, «Сүйемін»деп, айтуға мен жасқанамын, Жасқанамын, Сондықтан да тәуекелге баспағаным, Күтемін ғой бар ма еді басқа амалым??? Ерке күлкің-ай сенің ерке күлкің, Ішім түтін, болғанымен сыртым бүтін, Еркелетсем сені бір, ерке сылқым, Махаббат болса егер, бір-ақ жұтым, «Сүйемін» деп, айтармын саған бір күн... Асыл бейнең-ай, сенің асыл бейнең, Қиылған қас, қыпша бел, Періштем-ай менің сүйген, Арманыма ұқсап-ең, Жүректен ерек орын алды, АҚҚУ бейнең, Келбетіңе тәнті боп, Әлдеқашан мен ғашық басымды игем... Атыңды сенің-сай қылғандай көркіңе, Білмеймін, бұл махаббат өрті ме, Не дегенмен, бұл күнде мен, күюдемін, Сол қыз жаққан махаббат алау өртіне...
Hide player controls
Hide resume playing