Наурыз мейрамының қарсаңында TengrinewsTV редакциясы шетелдіктерге қазақтың ұлттық мерекелік тағамы наурыз көжеден дәм таттырды. Қонақтар қазының дәмін көріп, кейін женттен ауыз тиді. Испандар Андрес пен Энрик, кубалықтар Клаудия мен Владимир, америкалықтар Лиза мен Конрад қазақтың ұлттық тағамы жайлы пікірін айтты.
Hide player controls
Hide resume playing