Біз ұйқыда жатқанда Қырғызстанда парламент сайлауы нәтижесімен келіспеген халық өткен түні өте үлкен бас көтеру жасады. Бұл олардың үшінші революциясы, нәтижесінде бірнеше сағат ішінде сайлау нәтижесін жоққа шығарып, Ақ үйді басып алып, тіпті Атамбаевты бостандыққа шығарып алды. Ал біздегі жағдай мынадай: елде тіркелген бірде-бір оппозициялық партия жоқ. Сәйкесінше парламент сайлауы болды дегеннің өзінде, кім жеңетіні белгілі. Бүгінгі шығарылымда Қырғызстандағы митингі мен Қазақстандағы көзбояушылыққа толы праймериз туралы сөз қозғайтын боламыз. Праймериз туралы бөлімде Азаттық радиосының материалы пайдаланылды.
Hide player controls
Hide resume playing