ШҚО-да 29 адам алимент төлемегені үшін қылмыстық жауапқа тартылды. Ал, 22 адам қамауға алынды. Биыл облыста осы мәселе бойынша арнайы жұмыс тобы құрылған болатын. Полиция, прокуратура және сот орындаушылары бірігіп жүргізген шаралардан соң, 3,5 мың балаға ай сайын заңды төлемдері түсе бастады. Жыл басынан өндірілген қаржының жалпы сомасы - 130 миллион теңге. Алимент төлеуден жалтарған тағы 100-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Hide player controls
Hide resume playing