ҚР Білім және ғылым министрлігі Сейсмологиялық институты Алматы облысында сағат 04:30 шамасында 3 балдық жер сілкінісі тіркелгендігі туралы хабарлады. Сілкіністің негізгі ошағы -- Алматы облысы Райымбек ауданының таулы аймақтары. Төтенше қызмет мамандары жер дүмпуі осыған дейін болған сілкіністердің үздік-үздік болып келіп жатқан толқындары, сондықтан қорқуға себеп жоқ екендігін айтуда.
Hide player controls
Hide resume playing