Наурыз айының 20 күні «Ордабасы» ұлттық тарихи – мәдени қорығы «Біз біргеміз» еріктілер тобымен бірлесе отырып, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында Т.Тәжібаев атындағы Арыс қалалық балалар үйінде қайырымдылық іс – шарасы өткізілді. Аталған шара Қ.Р Мәдениет және спорт министірі Арыстанбек Мухамедиұлының ұлыстың ұлы күнін мерекелеуге байланысты көтерген жаңа бастамалары негізінде қолға алынған болатын. Игілікті шара барысында қорық қызметкерлері мен еріктілер тобы ата – анасының қамқорынан қағылған бүлдіршіндерді наурыз мерекесімен құттықтап арнайы дайындалған силықтарды табыс етті. Сонымен қатар мерекелік дастархан жайылып, балалар ұлттық тағамдар мен наурыз көжеден дәм татты. Арқан тарту, қол күрес, асық ату ұлттық ойындары ойнатылып, жеңімпаздарға жүлделі сыйлықтар беріліп, алғыс хаттар мен марапатталды. Балаларға ерекше көңіл күй сыйлаған шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Hide player controls
Hide resume playing