Мына өмірге таусылып сұрақтарым Естідің бе? Өзіңнен жырақтадым тұңғиығым тереңіңе жетер едім бірақ түсін, шаршатты сынақтарың кетіп барам, бұл жолы ойын емес Сұрамашы, жауабым тойымды емес Қуанған сәттеріңде ортақтасам бірақ жаным, тек қана тойыңда емес кетіп барам, пәк жүрегім өртеп іштен көңіл қалып, бізді айырған осы кештен жүрек шіркін қия алмай жаутаңдайды махаббаттың мұңы мен уын ішкен кетіп барам, аз қалды, азақ қана жасыңды сүрт, жаныңды азаптама сен үшін сезім ойын, ойын бітті кетіп барам сөндіре соңғы үмітті ұмыт сенде сезімімді мұңдары көп махаббатты өсір сүрген жылдары жоқ бәрін ұмыт, жасыңды жерге төкпе кетіп барам, уайымдама қалмады өкпе кетіп барам, күлкіңді көрсет маған күлімдеші, күлгенің өзге ғалам жетегінде бақыттың биік өрле жанарыңды бақытсыз ете корме кетіп барам, мейлі сүй жек көр мені сағым бейнең ойымнан шектелмеді шаршадым, қалың ойға сынып күнде тағы айтам, қайталаймын жек көр мені кетіп барам аман бол алданышым кешірдім, махаббатың жалғаны үшін.. © Керембеков Дарын
Hide player controls
Hide resume playing