Аман жүр, Анашым Сөзі: Рүстем Арсланов, Сара Жүнісбек Әні: Ербол Ақбасов Анасыз баланың, Жетім ғой күйі де, Балалар жылайды, Жетімдер үйінде. Есіркеп басынан, Сипалай қойсын кім? Жетімдер ұйықтайды Құшақтап ойыншығын. /Күлмейді көздері, /Үйінде өзгенің. /“Ана“ деп айта алмай, /Сүт дәмін сезбеді. /Жасаурап жанары, /Көшеге қарады. /Аналар баласын, /Жетектеп барады. Бақытты баладай, Ұйқысы қанса да. Телмірген әйнектен Жетімдер қаншама. Шашпаса күн шуақ, Гүл қалай көктейді. Әлемнің мейірімі Анаға жетпейді. *Бұл күй кімге ұнайды, *Өткізе алмай күн айды. *Анасы жоқ сәбилер, *Үнсіз ғана, үнсіз ғана жылайды. /Бөтен үй, бөтен ой, /“Қонақсың“ десе ғой. /Алыстан мені іздеп /Анашым келсе ғой. /Санармын күн түнді, /Жүректер қарасын. /Табармын бір күні /Аман жүр, анашым!
Hide player controls
Hide resume playing