Қазақ көктемі қайта оралды. Алматыда қаңтар қырғынында оққа ұшқан төрт жасар Айкөркемнің бейнесі бар мурал пайда болды. Ізінше әкімдік өкілдері суретті жыртып, қабырғаны ақ түске бояп тастады. Жанболат Мамайдың бостандығын талап еткен тіркелмеген Демпартия өкілдері баннер үшін ұсталып, оларға айыппұл салынды. Азаттық радиосы билік істеуге тиіс істі бастап, қаңтар қырғынында қаза болғандар тізімін жариялады. Бүгінгі шығарылымда ызғары басылмаған қаңтар қырғыны мен билік жарнамалап әуре болып жатқан референдум жайында айтамыз.
Hide player controls
Hide resume playing