Басқа атауы: Молитвы Лейлы / Ләйләнің зары Роза Мұқанованың повестінің желісі бойынша түсірілген. Фильм сюжетінің орын алған жері, құпия құжаттарда Дегелең №27 деген атпен көрсетілген алыс бір ауыл. Оқиға 20 ғасырдың 60 жылдарында өрбиді. Жердің бір түбінде бәрінен тыс қалған бұл ауылдың тұрғындары радияцияның не екенінен, ядролық сынақтың не екендігінен мүлдем хабарлары жоқ. Ауыл балалары әр жарылған бомбадан соң пайда болған, аспанға қарай төгілген үлкен саңырауқұлақты көріп мәз болады. Олардың түсінігінде айналасындағы адамдар не себептен ерет өліп жатқаны, олар не себептен ауырып қалып жатқандары туралы еш хабар жоқ. Ләйлә да сол балалар секілді осы ауылда туып өскен. Оның бес жасында белгісіз аурудан әкесі дүние салады, сосын анасынан айырылады. Қызды әкесінің қарындасы Қатира тәтесі асырап алады. Он бес жасына келгенде тәтесінен де айырылады. Содан соң Ләйләнің өз ұлы болады. Ұлын қатты жақсы көретін ол және оның басқалар сияқты емес ұзақ өмір сүргенін қалады.
Hide player controls
Hide resume playing