А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» видеожурналы әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ар мен намысты биік ұстаған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың саяси өміріне арналды. Шараға Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің 7,8 сынып оқушылары қатысты. Видеожурнал «Тұлғаның қалыптасуы», «Айбынды Президент», «Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» атты 3 парақшаны қамтыды. Оқушылар қазақ елі үшін аянбай қызмет еткен, Отанымыз Қазақстанды өркендетуге өзінің білімі мен жігерін аямаған тұңғыш Ел Президенті туралы көрсетілген слайд, бейнежазбалардан жан-жақты түсінік алып, елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегіне талдау жасау арқылы білімдерін толықтырды. Шара Азаматқызы Шырынның орындауындағы «Қазақ елі осындай» әнімен аяқталды.
Hide player controls
Hide resume playing