Үкімет Азия даму банкінен 1,5 млрд еуро қарыз алмақ. Бұл қаржы пандемияның салдарымен күресуге және ел экономикасын қалпына келтіруге жұмсалады. Мәжілістің жалпы отырысына қатысқан Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың сөзінше, шетелдік банкпен жасалған келісімшартқа сәйкес, елімізге қарыз екі бөлікпен келмек. Әуелі 908 млн 596 мың еуро, кейін 661 млн 800 мың еуро көлемінде қаржылай көмек беріледі. Дегенмен, алмақтың салмағы да бар. Қып-қызыл ақшаны мемлекет 3 жылдық жеңілдік кезеңді қоса алғанда 15 жылдың ішінде қайтарып беруі тиіс. 🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
Hide player controls
Hide resume playing