Қазақстан билігі карантинге байланысты табысынан айырылғандарға минималды жалақы мөлшерінде - 42 500 теңге көмек беріледі деген соң бірнеше қалада жәрдемге үмітті жұрт банк пен пошта алдына жаппай кезекке тұра бастады. Олар көмек алуға жеке есепшот аштырмақ. Азаттық тілшілерінің айтуынша, тұрғындар топталып тұр және вирус жұқтырмаудың дәрігерлер айтқан ережесіне бағынбайтыны байқалады.
Hide player controls
Hide resume playing