Myvideo

Guest

Login

Елорданы діни бірлестік басшылары азастандытарды Алыс айту кнімен ттытады

Uploaded By: Myvideo
1 view
0
0 votes
0

Қазақстандықтарды көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін «Алғыс айту күнімен» елорданың діни бірлестік басшылары құттықтады. Еліміз бұл мерекені алтыншы рет тойлауда. Атаулы мерекеде барлық ұлт пен ұлыс бір шаңырақ астына топтасып, ел тарихына құрметін көрсетеді. Мерекенің басты мақсаты –өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу. Әл-Фараби мешітінің бас имамы Н. Рамазанов: «Жаратушы иеміз елімізді тыныш, халқымызды аман етсін. Бейбітшілігіміз мәңгілік болсын. Ұлтаралық татулығымыз – біздің басты жетістіктеріміздің бірі», - деп барлық қазақ халқын мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, астана шіркеу округінің дін қызметшісі Архимадрит Сергий ризашылығын көрсетпейтін адам-қауіпті адам дей келе, мерекенің отанымыз үшін алар орнының зор екенін атап өтті. Еске сала кетейік, 1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні аталып өтеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орайластырылған мереке көпұлтты және көпконфессиялы ел бірлігінің символына айналды.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later