Биыл еліміз 89 млн тоннадан аса мұнай өндірмек. Бұл бұрнағы жылдармен салыстырғанда едәуір көп. Ал 2023-2025 жылдары қара алтын өндіру межесін 100 млн тгоннадан асыру жоспары бар. Шикізат шығаруды көбейтсек, өнім молайып, қол жетімді бензиніміз, сатудан түскен ақшамыз да артатын шығар деп топшылаймыз ғой әдетте. Алайда барланған қоры жөнінен әлемнің алғашқы 15 елінің қатарына кіретін Қазақстан мұнайдың игілігін қаншалықты көріп отыр? 80 млн тоннадан аса қара алтын өндірсек, соның қаншасы бізге тиесілі деген сұрақ туындайды. Себебі байып кетпегенімізге қарағанда аз ба деп қалатынымыз рас қой. Ендеше осы төңіректегі басты сұрақтарды белгілі Экономист Рашид Жақсылықовқа қойсақ. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing