БІЗДІҢ ЖОБА. Айдарымыздың кезекті кейіпкері – Бақтыгүл Мұсабекова. Медицина саласында 23 жылдан бері дәрігер – стоматолог болып жұмыс істейді. «Ырыс» МҚҰ-нан 2017 жылы жеңілдетілген несие алып, жеке стоматологиялық клиника ашып, 15 қызметкерді жұмыспен қамтып отыр. Дәрігердің айтуынша: балаларды тегін емдеуді мақсат етіп қойғандықтан. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап, балаларды тегін емдеуге мүмкіндік алған. «Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021жж арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында 6 пайызбен алған қаражатқа: балалар стоматология бөлмесін, тіс салу, ота жасау, рентген,тіс емдеу бөлмелерін заманауи медициналық құрылғылармен аппараттармен жабдықтауға жұмсады.
Hide player controls
Hide resume playing