Раз казах, значит националист / Репрессия / Карлаг / Деректі фильм Бала күнімде, шай басында, мектепте “Әнеу бір төбеде бәленше адамды атқан”, “Қаратөбеде бәленше адамды қырған”, “біздің ауылдағы ана бір ақсақал Колымада, Қарлагта отырып келген” деген әңгімені естіп өстім. Сондықтан, мен, туып-өскен өңірім Қарлаг отаны екенін білдім. Бірақ, тарихын бетінен шолып өткенім болмаса, көп дүниені білмеппін. 2 жыл бұрын Дудь “Колыма” фильмін ұсынған соң, ондағы идея, айтылған ой біздің ұлтқа да қатысы барын анық ұқтым. Бұл фильм сол ойды қайталау, тек бір дүние бар: ҚАРЛАГ жайында кеңірек айту арқылы. Фильм түсіріп жүріп мені толғандырған екі мәселе: 1. ҚАРЛАГ зерттелуі тиіс, кешенді түрде 2. Сол заманды көрген, тұтқындармен, НКВД қызметкерлерімен тілдескен соңғы ұрпақ кетіп барады. Тарих үзіледі. Біз жазып қалуымыз керек. Тырыстық. Көріңіз. Фильм авторы: Әлия Әшім Фильм қонақтары: Екатерина Кузнецова Кәмел Жүністегі https:
Hide player controls
Hide resume playing