Елордалық дәмханадағы жойқын жарылыста зардап шеккендердің тағы біреуі көз жұмды. Нұр-Сұлтан әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, газ баллон атылысынан оның ми және жұлыны қатты зақымданған. Өте ауыр жағдайда түскен науқасты №2 көпсалалы қалалық аурухана мен Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері бақылапты. Алайда ақ халаттылар қанша тырысқанымен, ол бүгін мерт болды. Басқармадағылар жансақтау бөлімінде жарылыстан зардап шеккен тағы екі адам жатыр, дейді. Естеріңізде болса, 21 қарашада Нұр-Сұлтандағы тез тағам дайындайтын нысанның бірінде газ баллоны жарылып, дәмхана қирап қалған еді. Кейіннен сынықтар астынан әйелдің денесі табылған болатын. Бірден жансақтау бөліміне жатқызылған азаматшаны да дәрігерлер өкінішке қарай, құтқара алмады. Бұған дейін оқыс оқиғада жалпы саны 30-дан аса адам түрлі жарақат алғаны да хабарланған.
Hide player controls
Hide resume playing