МҰҒАЛЖАР ЖАСТАРЫ – ЖАҢА ЛЕП, ЖАҢА ТОЛҚЫН Елбасы Н.Назарбаев мемлекеттік жастар саясатын дамытып, жастарды кешенді қолдау мақсатында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай «Сұлтан» мәдени-демалыс кешенінде Мұғалжар аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Болашағы жарқын- Мәңгілік елдің жастары» атты Жастар жылының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Шаймардан Нұрымов, Дания Еспаева, Әлия Сапарова, аудан әкімі Ербол Данағұлов, Бокстан олимпиада резервін даярлайтын балалар және жасөспірімдердің облыстық мамандандырылған спорт мектебінің директоры, бокстан Әлем чемпионы Галиб Джафаров, облыстық жастар ресурстық орталығы басшысының м.а Ардақ Бекниязова, ауданның белсенді жастары және Алға, Қобда, Байғанин, Ойыл және Темір аудандарының жастары қатысты. Шара барысында келген қонақтарға аудан жастарының 2019 жыл Жастар жылын қолдау мақсатында түсірілген челленджі көрсетілді. Салтанатты шараны ашқан аудан басшысы Ербол Жеткергенұлы жастар
Hide player controls
Hide resume playing