Фильм желісі Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда болған ауыр оқиғаларға негізделген. Жер аудару. Сталинның 70 жылдық мерейтойы. Қазақ жеріндегі кеңестік атом бомбасының алғашқы сынағы. Кеңес үкіметі жер аударған мыңдаған адам тиелген вагондар қазақ даласымен жол жүріп келе жатады. Еш мүлік, азықсыз қазақ ауылына келген әрбір азаматты жергілікті халық жат көрмей, қол ұшын созып, жәрдемдеседі. Ал вагон ішінде, яғни жолда қаза тапқандарды кезекті станцияда түсіріп жатқан кезде теміржол қараушысы Қасым мүрделердің арасынан тірі жатқан баланы тауып алады. Баланы өзгелерден жасырып, ауылына алып кетіп, бауырына басады. Еврей ұлтының баласы бес жасар Саша жақындарынан айырылған, жалғыз басты Қасымды «Ата» деп кетеді. Саша
Hide player controls
Hide resume playing