Əй, əй, Əйелдерге Текті қайдам, тексіз туса тектіден, Епті қайдам, епсіз туса ептіден. Күйеуінен қорықпайтын əйелді, Құдайдан да қорықпайды деп білем. Көріп жүрміз əйелдердің түр түрін, Баласынан артық күтер кірпігін. Ал, əйелдер, айтыңдаршы еркексіз ертегідей өтеді ме бұл күнің? Сенбеңіздер қиял толы ертекке, Ертекке емес сену керек еркекке. Еркектерсіз өткен өмір - өкініш, Өкініштен бармақ тістеп, жер теппе. Еркек деген - бостандықты қалайды, Көз болған соң қаракөзге қарайды. Қарай берсін қараса да бəрібір, Сені ғана періштеге балайды. Оған бола түспесінші еңсеңіз, Ең бастысы оны сүйіп, сенсеңіз. Алдамайды, қарамайды басқаға, Жүрегіне сəл тыныштық берсеңіз. Қыдырсын - деп үйде жалғыз қалдың ба, Берілмеші қызғанышқа, əр мұңға. Хабарласып ала берме мазасын, Ұят болар достарының алдында. Хат жазып қой оған сол да жетеді, Еркек деген - əркез елең етеді. Кейде түзу, кейде қисық кетеді, Өз төсегі оралатын мекені! Əйелдер-ай, көз іздейтін соқырдан, Соқырдың да көзі əйелден шоқылған. Аталарым аттанға
Hide player controls
Hide resume playing