Арнаға қолдау көрсету 5169 4971 8361 0090 kaspi Тоқаев “азаматтардың билікке қатысты өз ойын білдіру, сыни пікір айту құқынан ешкім айыра алмайды. Бұл олардың конституциялық құқығы және ол қатаң түрде заң аясында орындалуы керек” деді. Ал 10 қаңтар күні полиция қоршауында қалған белсенділердің жазған арызына соттан “полиция қызметкерлерінің әрекетінен жазаланатын қылмыстық әрекет анықталмады” деген жауап келді. Одан бөлек парламенттегі партиялар бюджеттен қанша ақша алып жатқанын секунд сайын есептейтін деген сайт ашылды. Сайт дерегінше, Nur Otan-ға күніне бір пәтердің құны, яғни 18 миллион теңге аударылады. Бүгінгі шығарылымда осы жаңалықтарды, сонымен қатар Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиевтің иелігіндегі компания мен “тұрмыстық зорлық-зомбылық заңына қарсы шығып жүрген заңгердің өзі зорлықшыл ма?” деген сұраққа жауап береміз.
Hide player controls
Hide resume playing