Myvideo

Guest

Login

Бар азаты жылатан ле ... Аитбек Трсынбаи аншама жан бар!!! Поэзия.

Uploaded By: Myvideo
9 views
0
0 votes
0

Айтбек Тұрсынбай - Қаншама жан бар (2022) Жүктеу: Қаншама жан бар бала сүймеген, Тал бесік жасап, ағаш имеген. Қара домалақ перзентің болса, Хан ордасы ғой қараша үй деген. Қанша сәби бар ананы ембеген, Шыр етуге де шама келмеген. Жаялықтары кебінге айналып, Қауышқан мәңгі қара жерменен. Қаншама жан бар қара күшпенен, Азығын тауып, адал істеген. Бұл бес күндікте пақырлар аз ба? Бүйірі шығып тамақ ішпеген. Айтылған қанша қасіретті өлең, Сұлулар қанша ғашығы өппеген. Жесірлер қанша сыңарсыз қалып, Жетімдер қанша жасы кеппеген. Қаншама жан бар жыраққа кеткен, Көзінің жасы бұлақтап өткен. Қанша ақымақ бар елінен безіп, Жат топырақтан жұмақ дәметкен. Қаншама қу бар құнын ұмытқан, Жүйрікті жаяу жүгіріп ұтқан. Жылпостар аз ба амалын тауып, Жыландай арбап іріні жұтқан. Қаншама жан бар жазықсыз өлген, Қаншама мал бар қазықсыз өрген. Бәйтеректерді балта құлатып, Арамшөптер бар қауіпсіз өнген. Басынан қымбат бөріктер қанша, Басылмай кеткен желіктер қанша. Жер астындағы тірілер қанша, Жер бетіндегі өліктер қанша. Қаншама ер бар елім деп өткен, Жанары жасын, көмілген отпен. Ақиқат қанша аузы буылған, Қаншама сыр бар көңілде кеткен. Замандар қанша құйынды ойнатқан, Қан майдан қанша үйіңді ойлатқан. Қаншама ыстық аптапты көрдің, Қара қарғаның миын қайнатқан. Тағдыры түрлі қаншама жан бар, Арманды кетер аңсап адамдар. Жүрегі жұмсақ жан боп өтейік, Белгі боп баста қалса да мәрмәр.

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later