Ислам діні ел ішінде бейбіт өмірдің сақталуына, халықтың ауызбіршілігінің беріктігіне үлкен мән береді. Сондықтан әлем ғұламалары қай елде қай мәзһаб басымдылыққа ие болса, сол елдің мұсылмандарына сол мәзһабты ұстану міндет болатыны туралы бір ауыздан пәтуа қабылдаған. Еліміздің діни басқармасы «ҚМДБ мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі» құжатын дайындап, аталған Ережені Ғұламалар кеңесінің XIV-отырысында қабылдады. Сол құжаттың 1.4. бабында: «Мешіт жамағаты (бес уақыт намазға қатысушы, уағыз тыңдаушы, сауат ашу, Құран курстарының шәкірттері, жеке мәселеде келушілер) мешіттің ішкі тәртібінде қарастырылған барлық міндеттемелерге бойұсынуға міндетті», – делінген.
Hide player controls
Hide resume playing