Ахмет Байтұрсынов - Файзоллаға хат Файзолла достым аса қымбаттым, Мұңменен азап жаныма батты. Өтседе дәуір өкініш уы, Асау өзендей толқыны қатты. Өзіңе аяң өмірім ісім, Көрдім ғой бейнет туған ел үшін. Жабылған нақақ жаланы ойлаумен, Өзегім күйіп, өртенді ішім. Ой соқты болып қатты ғой басым, Көзімнен көл боп ақты ғой жасым. Серегелдең кешіп сарғайып санам, Төбемнен тура түсті ғой жасын. Көбейген шақта сақалдың ағы, Кетті ғой тайып ағаңның бағы. Темір құрсаулы түрмеге мынау, Төртінші ретте қамалдым тағы. Ана сүтімен ақындық дарып. Жыр жазып едім отырмын налып. Халық жауы боп қасырет шеккен, Бүгінде енді менде бір ғаріп. Езіліп жүрек, егіліп жүйе, Өзіңе-өзің бола алмай ие. Енесі өлеген ботадай боздап, Өкінесің кеп өзегің күйе. Дамылдап бір сәт табалмай тағат, Кеттім ғой япырау қай жерден ағат. Түсесің ойға иірде-шиір, Елестеп көзге мақсат пен мұрат. Оралып сонда туған жер ойға, Бір ыстық сезім тарайды бойға. Сағыныш тауын анама деген, Теңегем бір сәт күн менен айға...
Hide player controls
Hide resume playing