Myvideo

Guest

Login

АИАТ! - сзі, ні Треали Трелі

Uploaded By: Myvideo
1,681 view
0
0 votes
0

Шын дарынның жаулары көп болады Төреғали Төреәліге Ән аға, құлақ түрсең бауырыңа, Барамыз ақиқаттың ауылына. Ұл едің елдің мұңын жырлап жүрген, Қай жерің жақпай қалды қауымыңа?! Айналдың жігіттердің төресіне, Қашан да берік болған уәдесіне. Не болды Алты Алаштың Төрешіне?! Тап болған жұрттың жапқан пәлесіне. Басылған әр қадамың елге аян, Жырларың жазылған бір өмірбаян. Бұл әдіс қасақана жасалғандай, Ютубқа жіберілсе бейнебаян. Қаймықпа, жанкүйерің бүкіл халық, Оңынан туғандықтан айың жарық. Ешқашан тоңқарылып тәйке болмас, Ойында алшысынан түскен асық. Әрбір айтқан әніңе көңіл тоқ қой, Сөз бен сазы жарасып жатады ғой. Эфирдегі жұлдызың сөнгенімен, Өнердегі шырағың сөнген жоқ қой. Өлең болса ойыңды мазалайтын, Өнер жолы жаныңды жаралайтын. Шын дарынның жаулары көп болады, Қызғаныштан көре алмай табалайтын. Тәлім алып жүргендей Төле шалдан, Әр таң сайын есімің асқақталған. Төреғали Төреәлі ақын, әнші, Сарқыт болып қалғандай Біржан салдан. ©Самрат Құскенов

Share with your friends

Link:

Embed:

Video Size:

Custom size:

x

Add to Playlist:

Favorites
My Playlist
Watch Later