Бүгін жылына бір -ақ рет болатын президент жолдауында Нұрсұлтан Назарбаев байлығын “тығып“ отырған миллиардерлерді мүліктерін заңдастыруға қайта-қайта шақырды. Ал доллармен саудаласып үйреніп қалған халыққа тек теңгемен өмір сүруге кеңес берді. Президенттің дәстүрлі жолдауын астаналық әріптесім Гүлбану Әниятқызы да тыңдап қайтқан еді.
Hide player controls
Hide resume playing