Әйелінің көзіне шөп салып, некесіне адал болмайтын еркектер жайлы айтылса таңғалатын жан некен-саяқ. Ал өз балаларын күйеуіне тастап, өзгемен көңіл жарастырған нәзік жандар көбейді десе сенесіз бе? Зерттеулерге сүйенсек, елімізде мұндай жайттар 40 пайызға артқан екен. Отағасының мойнына бар жауапкершілікті жүктеген бұрымдылар ұл-қызына да бұрылып қарамайды екен. Олар осылайша бақыт іздеді ме, әлде бала бағып, ата-ене күтуден шаршады ма? #1tvkz #смотримвместе #сенбілікжаңалықтар #жаңалықтар #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing