Қазақша 100 кітап жобасының жабылмауын ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және ҚР Білім және ғылым министрлігі парақшаларына өтіп талап етуге болады. Каналға қолдау көрсету 5169 4971 8361 0090 (kaspi) “Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы тоқтауы мүмкін деген сыбыс тарады. Аударма бюросы 3 жыл ішінде 77 әлемнің озық ойлы кітабын қазақ тіліне аударды. Бұл биліктің 30 жыл бойы қауқары жетпеген іс. Алайда жоба тоқтар болса, қазақ тілінде сөйлейтін қоғам мен әлем жауһарлары арасында байланыс үзіледі. Сондай-ақ қазақ тілінде сөйлейтіндердің ақпарат алу құқығы бұзылып, болашаққа зор үмітіміз астан-кестен болады. Бүгінгі шығарылымда сол туралы және Sulpak төңірегіндегі дау мен сырттан алынатын 1,5 миллиард еуро қарыз туралы сөз қозғайтын боламыз. UPD: “3:50-ге дейін Молдияр Ергебековтің пікірі”
Hide player controls
Hide resume playing