Картина белгілі режисер Талғат Теменовтың жетекшілігімен түсірілген. Оқиға желісін қысқаша баяндар болсақ, былай. Оқушы Гүлназға оның екі сыныптасы Орал мен Жеңіс ғашық болып, сезімдерін білдіреді. Ақыры жас қыз өзінің жұбы болуға Оралды лайық деп танып, сонымен көңіл жарастырады. Дегенмен Женіс оңай берілмеуге бекінеді. Солайша екі жас өсек пен күндестік секілді қарсылықтарға тап болып, талай қиыншылықты бастан өткереді. Арада біраз жылдар өтіп, уақыт сырғи береді. Тағдырдың айдауымен күндердің күнінде Орал мен Гүлназ екеуі ең алғаш кездескен бекетте қайта қауышады. Фильмнің ең түйінді, жүрекке әсер берер тұсы осы болса керек. Бәрін айт та, бірін айт. Ғашықтық атты ұлы сезімнің көрінісін бақылап, ол жолда бізге ұрынуы мүмкін түрлі проблемаларға назар салып, ой толғауға да жақсы себеп болары анық осы күннің.
Hide player controls
Hide resume playing