«Балалық шағымның аспаны» — 2011 жылғы режиссёр Рүстем Әбдірашевтің Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық және жастық шағы жайында түсірген көркем фильмі. Көпсериялы «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының бірінші бөлімі. 2011 жылы 7 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының «Қазақстан» орталық концерт залында болып, фильмнің тұсаукесерін тамашалады. Фильм Алматы облысының Үшқоңыр жайлауы, Шамалған ауылы, Қаскелең және Алматы қаласы деген жерлерінде түсірілген. Оқиға Нұрсұлтан Әбішұлының шынайы өмір жолын баяндайтын «Без правых и левых», «Эпицентр мира», «В сердце Евразии» атты шығармаларының желісі негізінде түсірілген. Бала кезінен Сұлтан деген есімге ие болған Нұрсұлтан Әбішұлы ұшқыш болуды армандаған екен. Мектепті бітірген шағында Киевтегі азаматтық авиация институтына оқуға түсуге мүмкіндік алады. Алайда, тағдыр оны мүлдем басқа арнаға бұрады.
Hide player controls
Hide resume playing