16 наурыз - Шежіре күні. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында Наурыз мейрамының тұжырымдамасын жаңаша әзірлеп, көктем мерекесінің мазмұнын байытуды тапсырды. Наурыз мейрамының негізгі мақсаты - Қазақ жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру», - делінген. Осыған орай, биылдан бастап, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Наурыз мерекесінің жаңа он күндік мерекелеу жоспар-бағдарламасы бекітіліп, 14-23 наурыз аралығында онлайн түрде аталып өтуде. Нұрлан САҒЫНДЫҚ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты: Қазақ халқының ауыз әдебиетінде және жазбаша тарихында кездесетін «Шежіре» маңызды орын алады. Шежіре - арабтың «шаджара», яғни «ағаш», «бұтақ» деген сөзінен туындап, кең ұғымға ие болған. Сол себептен болса керек, қазақ халқы адамды ағашқа теңеген. Адам сол ағаштың өткені
Hide player controls
Hide resume playing