24 ақпан күні бастауыш сынып мұғалімі Қосжанова Алтын “Ана - гүл, ана - өмір шырағы“ тақырыбында 2 “Б“ сынып оқушылары арасында сыныптан тыс шара өткізді. Шараның мақсаты: оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру, мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Шара барысында оқушылар аналары мен әкелеріне арнап әндер айтып, күй орындап, би биледі, өз қолдарымен дайындаған сыйлықтарын аналарына табыс етті. #1мектеп_гимназиясы #сыныптан_тыс_шара
Hide player controls
Hide resume playing