Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Мардан Сапарбаев институты арасында «Құқықтану» мамандығының 4 курс студенттерінің іс тәжірибеден өтуі жөнінде келісім жасалып, тәжірибе нәтижелі өтті. Сондай-ақ , аталған мамандықтың өзге де іс тәжірибе базалары Түркістан облысы Сайрам аудандық соты, Шымкент қаласы Әділет департаменті және тағы басқа кәсіпорындарда мамандық бойынша іс тәжірибелер өз деңгейінде өтіп, болашақ мамандар Алғыс хаттар, Мадақтамалармен марапатталды.
Hide player controls
Hide resume playing