Баршаңызға сәлем, Ораза Айт құтты болсын. Сіздермен Тіл кеспек жоқ – Қазақстан жаңалықтарына тәуелсіз көзқарас. Осыдан бес күн бұрын Армения, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан мен Ресей кіретін Еуразиялық экономикалық одақтың отырысында күтпеген оқиға болды – бес елдің президенті ұйым тарихында алғаш рет көзқарас қайшылығына байланысты, алдағы бес жылға арналған даму стратегиясын қабылдаған жоқ. Одан қоймай, Тоқаев тіпті ЕАЭО-ны құру кезінде Қазақстанның көп нәрсеге қарсы болғанын айтты. Ресей бұған қалай жа
Hide player controls
Hide resume playing