Жырлаймыз-ау батырларды біз әлі, Құлмұхаммед ата, атап өтсем батыр Серәлі, Атқа қонған жастайынан Бердәлі, Найза түйреп жауларына Қыдырәлі, Жауға шапқан атойлап Бесен батыр, Дәулет пен Мәмбет қай жауыңда есең жатыр!? Маңғыстау қоныс болған сол заманнан, Адайлар жауды қуып тіккен шатыр. Он тоғызыншы ғасырдағы Құтжан батыр, Қарсыласы табылмаған Ержан батыр. Алла Жар ұран болған бұл Адайға, Аруағымен көкті шарлап ұшқан батыр. Күжән, Балта, Ермембет, Бернияз батыр, Сол ғасырда өткен екен Тағанияз батыр, Ата-баба аруағының құдіреті ғой, Маңғыстаудың даласында әлі ізі жатыр. Жүрек жұтқан, қайсар мінез нағыз батыр, Мәңгі салған бұл сарайда тағың жатыр, Рукиннің жанын алған Үшауыздан, Атойланып жау қуған шаңың жатыр, Төрт баласы Құлмұхаммед атаның осы бәрі, Бегеш, Серәлі, Бердәлі, Қыдырәлі, Хиуа мен Түрікменге қарсы шығып, Адайдың батырлары сол жылдағы.
Hide player controls
Hide resume playing