Әйелдер мен балалар соққыға арналған тұлып емес. Әрбір нәзікжанды мен бүлдіршін бақытты болуға лайықты. Бірақ, кейбір ер адамдар мұны түсінбейтін көрінеді. Жыл басынан отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 1647 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Әкелік мейірім мен әйел затына деген құрметтен ада 54 жерлесіміз қылмыстық жазаға тартылды. Осындай қатыгездерден соққы жеп, тағдыр тәлкегіне ұшыраған қыз-келіншектерге “Әйелдерді қолдау орталығының“ мамандары көмек қолын созуда.
Hide player controls
Hide resume playing