Тәуелсіздік күні мерекесіне тарту ретінде халық игілігіне жаңадан 5 қабатты жаңа 8 тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Көп қабатты тұрғын үйдегі пәтердің кілті «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша төлебилік 480 отбасыға берілді. Жаңа қоныс Төле би ауданы, Ленгір қаласының 1-ші мөлтек ауданында бой көтерген. Салтанатты шараға облыс басшысы Жансейіт Түймебаев, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, «Нұр Отан» партиясы ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов бастаған халық қалаулылары қатысты. Тұрғындарды арнайы мерекемен құттықтай келген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев пәтер кілттерін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, әскери және бюджеттік мекеме қызметкерлері мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға салтанатты түрде табыс етті.
Hide player controls
Hide resume playing