17 590 теңге. Статистика комитетінің келтірген дерегіне сәйкес, бір адамның 30 күн бойы аш қалмай, үш мезгіл асын ішіп тұруы үшін, осыншама сомма артығымен жетеді екен. Яғни, айына 17 мың теңге табатын адам, тоқшылықта өмір сүреді деп түсінуіміз керек қой?! Алайда, мұны естіген қарапайым жұрт, не күлерін, не жыларын білмей қалған сияқты. Өйткені азық-түлік бағасы сағат сайын өсетін біздің елде бұл қаржы ары кетсе, бірнеше күнге ғана жетеді, дейді. Осы мәселені шешу үшін заңгерлердің де айтатын өз ұсынысы бар. Бірақ, Заңгерлердің бастамасынан биліктегілер неге қашып отыр? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing