Соңғы айда елімізде еттің қымбаттағаны көп айтылуда. Ет дегенде бет бар ма демекші бұл баға жарықтықтықта да бет болмайды екен ау деген ойға қаласың. Ежелден төрт түлікпен төрт құбыласын түгендеп келген қазақта ет қымбат дегеннің өзі ерсі естіледі екен. Замануи тілге салсақ Нонсенс. Малдың басы азайып кетті ме деп қынжылуға болар еді. Ет тапшылығына байланысты емес. Қазіргі уақытта көлем бойынша нақты қолжетімділік қамтамасыз етілген. Ішкі тұтынуда отандық өндірістің үлесі сиыр және жылқы еттері бойынша 98 пайыз, қой еті бойынша 102 пайызды құрайды. Жыл басынан бері сиыр етін өндіру 3.6 % ға, қой 4.7 жылқы 5 және құс еті 14 ға өскен. Бірақ соған қарамастан еттің бағасы 13 пайызға қымбаттап отыр. Бұл еттің ғана мәселесі. Оған астықты, бидай және бидай өнімдерін, дақылды өсімдіктердің кей түрінің бағасы өскенін қосып қойыңыз. Ол аз десеңіз алдағы уақытта нанның құны да құтырып шығуы мүмкін дейді сарапшылар. Не болып жатыр өзі? #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Hide player controls
Hide resume playing